Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ мен IT мамандары есірткі қылмысына қарсы іс-қимылда күш біріктіруде

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков “Astana IT University” ЖШС ректоры Дархан Ахмед-Закимен кездесіп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасауда ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келіcім мақсаты – жоғары оқу орындарының өкілдерімен ғылыми-зерттеу саласында әріптестік қатынастар құру, бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми ақпаратпен алмасу, әдістемелік әдебиеттер әзірлеу, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бағдарламалар мен дерекқорлар құру, сондай-ақ, IT мамандарын даярлауда ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Ерлан Омарбеков университет басшысына ынтымақтастық үшін алғыс айтып, Мемлекет Басшысының тапсырмалары аясында және интернет технологиялары күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған, қазіргі заманғы шынайы жағдайында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ, есірткі құралдарын сату және жарнамалау туралы ақпаратты қамтитын заңсыз контентті анықтау саласындағы DARKNET-ке қарсы іс-қимыл жасауда бар проблемаларға тоқталды.

Қорытындылай келе, бүгінгі кездесу екі тарап арасындағы жаңа ынтымақтастық пен тығыз өзара іс-қимылға бастау беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Дархан Ахмед-Заки ЖОО түлектерінің құқық қорғау органдарында практикадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі үшін ризашылығын айтып, қазіргі заманғы есірткі бизнесінің жаңа сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимылда әлеуетті нығайтуға ықпал ететін IT технологиялар саласында жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру