Астанада үй қызметшісі жұмыс берушілерінің жеке мүлкін ұрлаған
Астанада үй қызметшісі жұмыс берушілерінің жеке мүлкін ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғындары полицияға жүгініп, пәтерден ақша мен алтын зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы хабарлаған.
Күдік жақында отбасында жұмыс істеген үй қызметшісіне түскен.
44 жастағы әйел қаңтар айының басынан бастап Күмісбеков көшесінде тұратын отбасында жұмыс істегені және осы уақыт ішінде үй иелері болмаған кезде үйді қарастырып жүргені анықталды. Бір күні ол үй қожайындарының жоқтығын пайдаланып, шкафтан ақша ұрлаған. Қолды болған ақша сомасы 3 125 АҚШ долларын құрады. Ұрлық жасалған күні қаскүнем бір күнге жұмыстан сұранып, өзінің орнына танысын қалдырған, содан кейін ол жоғалып кеткен. Сондай-ақ жұмыс берушілер 3,4 млн теңге болатын алтын бұйымдардың (әйелдер сырғалары, сақиналар, алқа, білезіктер) жоғалғанын байқаған.
Полиция ұрлық жасады деген күдікпен оны Қарағанды қаласында анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әйел мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
– Сарыарқа ауданының ПБ қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жұмысын адал атқаруының арқасында, менің мүлкім қайтарылды. Атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді және алдағы қызметіне табыс тілеймін, – деп жазды елорда тұрғыны Нұрлан Нұржанов.