Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада зейнеткер полицияға екі ескі аңшылық мылтығын тапсырды

Астанада зейнеткер полицияға екі ескі аңшылық мылтығын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында 10 сәуірден бастап полиция департаменті халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша науқан өткізіп жатыр.

Науқан басталғаннан бері астаналықтар өз еркімен полицияға 11 бірлік атыс қаруын тапсырды. Негізінен туыстарынан мұраға қалған қару әкелінеді.

 

Қаланың 70 жастағы тұрғыны Алматы ауданының полиция басқармасына марқұм әкесінен қалған екі Зауэр және ИЖ-18ЕМ-М аңшылық мылтығын өз еркімен алып келді. Зейнеткер полицияның мылтықтарды ақылы негізде қабылдайтынын естіп, әкесінің мұрасын тапсыруға шешім қабылдаған.  

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігі үшін оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында республикалық бюджеттен төлем көзделеді, яғни сыйақы сомасы 34 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін құрайды.

Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция бөлімшесінде жүргізіледі.

Жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полицияның кез келген бөлімшесіне, оның ішінде “102” арнасына хабарлауды сұраймыз.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру