Астанада жаңа танысының телефонын ұрлап кеткен бойжеткен анықталды
Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 21 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында жас қыздың елорда аумағындағы түнгі клубтардың бірінде болғаны және ол жерде ер адаммен танысқаны анықталды. Таңға қарай олар таныстығын әрі қарай жалғастыру үшін бірге қонақ үйге барып, ол жерде ішімдік ішкен. Ер адам ұйықтап жатқанда, қыз жағдайды пайдаланып, жалпы құны 300 vs4 теңге болатын LG маркалы телефон мен сымсыз құлаққапты ұрлап кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған қыз мойындау көрсетпелерін берді. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.