Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жұмысшы кеңседен сөмке ұрлады

Астанада жұмысшы кеңседен сөмке ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасағаны үшін 36 жастағы әйелді ұстады.

Тергеу барысында әйелдің ЖШС-де техникалық қызметші болып жұмыс істегені анықталды. Әйелді тазалық жұмысын жүргізу үшін кеңсеге шақырған. Сол кезде ол еденді жуып жүріп, орындықта менеджер қалдырған сөмкені көреді. Үй-жайда ешкім болмағанын пайдаланып, әйел сөмкеден 137 мың теңгені ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұрын сотты болған әйел мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру