Астаналық азамат техника дүкенінен Apple сағатын ұрлап кеткен
Астаналық азамат техника дүкенінен Apple сағатын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға тұрмыстық техника дүкенінің өкілі жүгініп, белгісіз адам кешкі уақытта дүкеннен Apple маркалы сағатты ұрлап кеткені туралы айтып, арызданған. Ер адам залға кіріп, сатып алушы кейпінде тауарларды қарап, сатушының залда болмаған кезін пайдаланып гаджетті тауар сөресінен шешіп алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар 39 жастағы ер адамды анықтады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.