Астаналық полицейлер энергетикалық сусындар ұрлығын әшкереледі
Астаналық полицейлер энергетикалық сусындар ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Gorilla энергетикалық сусындарын ұрлау бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 47 жастағы ер адам қала базарында бутиктің алдында тұрған сусын салынған қораптарды байқаған. Жан-жағында ешкім оның әрекетін бақыламай тұрғанын пайдаланып, такси жалдап, құны 20 мың теңге болатын екі қорап сусынды алып кеткен. Кейіннен ер адам ұрланған тауарды дүкенге апарып, оны 14 мың теңгеге сатып жіберген.
Бейнебақылау камераларын қарау барысында Байқоңыр ауданының полицейлері күдіктінің орналасқан жерін анықтады. Содан кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ол ұсталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.