Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер «пәтерлерді жалға берген» интернет-алаяқтарды ұстады

Астаналық полицейлер «пәтерлерді жалға берген» интернет-алаяқтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қазақстандық сауда интернет-алаңдарында пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастыру арқылы интернет-алаяқтықпен айналысқан бұрын сотталған адамдардан құралған қылмыстық топтың жолын кесті.

Іздеу іс-шаралары кезінде күдіктілерден заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың Қазақстан азаматтарына қатысты бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны анықталды.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру