Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Түркістан облысында 1300-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында 2 тәулікте 1300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 28 желтоқсанда “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Үш күнге созылатын шара, қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті нығайтуға, жедел жағдайды жақсартуға, азаматтардың жеке басы мен мүлкіне қарсы қылмыстардың жолын кесуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытталған.

Аталған шараның екі тәулігінде облыс аумағында тәртіп сақшылары 36 қылмысты тіркеп, оның 24-ін ашты. Бұрын болған қылмыстар санатына жататын төрт қылмыс ашылып “Нелегал” есебінде тұрған екі азамат ұсталды. Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында 500-ден астам аула, 1800-ге жуық тізімдік есепте тұрған тұлғаларды тексеріп шықты.

Одан бөлек облыс полицейлері 1335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық сала бойынша 727 жайтты тіркеген. Яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 154 дерек, 437-бабымен 51 жайт, 440-бабымен 95 дерек анықталып, әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігі желісі бойынша 608 құқық бұзушылық анықталды. Онда мас халде көлік басқарған 12 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен шара көрілді. Ал қарсы қозғалыс жолағына өтудің 6 жайты бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен жауапкершілік қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру