Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік жүргізушінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 желтоқсанда таңғы сағат 05:31 шамасында Құрсай шағын ауданында Opel Vectra жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жоғары қысымды газ құбырына соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 612 жеке тұрғын үй мен бір өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды.

Кінәліге қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуі) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жібереді. Автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру