Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері ІІМ ардагерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Абай облысының полицейлері ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Раиса Қосубаеваны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймақ полицейлері ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері полиция подполковнигі Раиса Қосубаеваны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл салада полиция ардагері 20 жылдан астам жұмыс істеген. Оның қоржынында көптеген марапат бар.

Раиса Смағұлқызы – нағыз кәсіби қыметкер және тәлімгер. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін ішкі істер органдарына арнап, отандастарының өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қазіргі уақытта да полиция қатарында жұмыс істейді. ҚР ІІМ зейнеткерлері арасында лайықты беделге ие бола отырып, 20 жылдан астам Семей қаласы ПБ ардагерлер ұйымын, 2022 жылғы шілдеден бастап Абай облысы ПД ардагерлер ұйымын басқарады.

Өзі жетекшілік ететін кеңесте полицияның жас қызметкерлерімен, патриоттық, интернационалдық және адамгершілік тәрбие жөнінде үлкен жұмыс жүргізеді. Қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі президумының мүшесі. Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы алдында ІІО ардагерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру