Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер қоймадан электр кабелін ұрлаған күдіктілерді құрықтады

Астаналық полицейлер қоймадан электр кабелін ұрлаған күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елордалық ЖШС өкілінен қоймадан белгісіз біреулер электр кабелін ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 37 және 42 жастағы екі елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу нәтижесінде екі күдікті түнде пластикалық терезені бұзу арқылы қоймаға кіргені анықталды. Олар кірпіш жасау аппаратының электр кабелін заңсыз иемденіп, 100 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірген.

Ұрланған затты олар түсті металды қабылдау пунктіне өткізген. Ол істері жазасыз қалады деп ойлаған күдіктілер, төрт күннен кейін қайтадан сол қоймаға түседі, бұл жолы әйнекті сындыру арқылы кірген. Ер адамдар 2 млн теңгеден астам сомаға екі кабель орамын алып шыққан. Бұл жолы да ұрланған металды қабылдау пунктіне өткізген.

Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру