Астаналық сатушы клиенттің алтын бұйымдарын ұрлап алған
Астаналық сатушы клиенттің алтын бұйымдарын жымқырмақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны құны 600 мың теңге тұратын алтын бұйымдарының жоғалу фактісі бойынша полицияға хабарлаған. Тергеу барысында жәбірленушінің сауда үйіне келіп, бижутерия сататын бутикке кіргені анықталды.
Әйел әшекейлерді киіп көру үшін алтын сырғаларын шешіп, қалтасына салады. Бірақ айнаға қарап жүргенде байқамай оларды құлатып алған. Мұны байқаған сатушы осы сәтті пайдаланып, сырғаны алып өз қалтасына салған.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 22 жастағы қызды анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол болған жағдайды мойындады. Қазіргі таңда келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды өз мүліктеріне мұқият болуға шақырады.