Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда демалыс күндері екі жаяу жүргінші жол апатынан жарақат алды

Павлодар қаласында демалыс күндері жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында демалыс күндері жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам жарақат алды.

– Павлодар қаласы Павлов көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Skoda автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Сол күні Екібастұз қаласында сауда үйлерінің біріне қарама-қарсы тұрған Toyota автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Екі жағдайда да жаяу жүргіншілер қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, рұқсат етілмеген жерлерде жолды кесіп өткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деген мәлімет берді Павлодар облысы ПД.

Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларға әсіресе кешкі уақытта абай болуын ескертеді. Жол-көлік оқиғасының талдауы көрсеткендей, жол қозғалысына қатысушылар көбінесе өткелдің қауіпсіздігін бағалау қажеттілігін ескермейді.

Ағымдағы жылы облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен белгіленген талаптарды бұза отырып, 26 оқиға тіркелді, оның ішінде 28-і дене жарақатын алды, біреуі қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру