Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын үй аламын деп алаяққа алданып қалды

Астаналық тұрғын үй аламын деп алаяққа алданып, 3,4 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтықпен айналысқан 44 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Аталған әйелдің азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесуге уәде беріп, еңбегінің ақылы болатынын айтып, ақшалай қаржы алып отырған. Азаматтарды пәтер алу кезегіне тұрғызуға да таныстарының жеткілікті екенін айтып, әбден сенімге кірген. Осылайша жәбірленушілердің бірі оған тұрғын үй құжаттарын тездету үшін 3,4 млн теңге төлеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру