Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық жасөспірімдер ұрланған велосипедтерді сатуды әдетке айналдырған

Астанада 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқаны анықталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің 5 велосипед ұрлауға қатыстылығы белгілі болды. Олар Olx веб-сайтындағы жарнамалар арқылы екі велосипедті сатып үлгермеген.

Екеуі екі доңғалақты көліктерді кіреберістерден және үй аумақтарынан еркін кіріп алған. Кейде салынған құлыптарды бұзып, кесу арқылы да ұрлап отырған. Сөйтіп, түнгі уақытта Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласынан 90 мың теңге тұратын Taker және Green маркалы екі велосипедті ұрлап, «іздерін суытқан». Дегенмен бейнебақылау камераларының көмегімен ұрылардың жүрген ізі анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Кәмелетке толмаған жас өспірімдер кінәләрін мойындады. Олардың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ-ның жедел уәкілдерімен 4 велосипед табылып, тәркіленді.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға құнды мүліктерге қырағы болуды және қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды назарға алуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру