Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атбасарда сотталғандар нан өнімдерін пісіреді

Атбасарда сотталғандар нан өнімдерін пісіреді – деп хабарлайды Polisia.kz

Кәсіпкердің Атбасар қаласы ЕЦ-166/4 мекемесінің өндірістік аймағындағы жұмыс бабымен кездесуі наубайхана ашуға мүдделілігімен аяқталды. ЖШС «Атбасар Агрокешені» өкілі Алдиял Асқаров мекеме наубайханасына барған кезде сотталғандардың нан пісіріп жатқанын, жағдайдың бар екенін, өнімнің сапасын, ең бастысы өз ісіне деген көзқарасын көріп, қала тұрғындарын тәтті тоқашпен қамтамасыз ету үшін наубайхана ашуды ұсынды.

Мекемедегі кеңес дәуірінен бері технологияны қатаң сақтай отырып нан пісірілген. Бүгінгі күнге дейін нанның салмағы 850 грамды құрайды.

– Колонияның наубайханасын аралау барысында тазалық пен тәртіпке таң қалдым, мұны әрбір кондитерлік цехта көре бермейсің. Мен колонияның наны туралы бұрыннан естідім, қала тұрғындары бір-біріне айтады, сондықтан мен неге осында жасап көрмеске деп ойладым, – деді Асқаров.

Колониядағы сотталған наубайшылар ерекше есепте. Бұл адал, еңбекқор жігіттер шын жүректен жұмыс істейді, әркім өз ісін біледі. Сергей аса ауыр қылмыс үшін бірнеше жылдан бері басқа тұтқындар сияқты колонияда жазасын өтеп келеді.

– Біздің отбасымыз қарапайым, барлығы ауылдағы фермада жұмыс істеді.  Әкем жиі ішіп, анамды ұратын. Біз ағам екеуміз өскесін оны қорғай бастадық. Бірде үйге оралғанда мас және ашулы әкемді көрдім, ал жерден қанға боялған анамды көрдім. Әкем ауруханада қайтыс болды, анам да …ал мен осындамын. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, мен өз жұмысымды өте жақсы көремін, пештен өз қолыңызбен пісірілген жаңа хош иісті нан алудан әдемі ештеңе жоқ, өйткені ас атасы – нан, деп өз ойымен бөлісті сотталған Сергей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру