Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер профилактикалық рейдтер жүргізуде

Полицейлер тұрмыс саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасауға бейім, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдардың, тұрмысы қолайсыз отбасылардың, сондай-ақ полицияда есепте тұрған адамдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша тексерулерді тұрақты түрде жүзеге асырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд Павлодар қаласының аумағында полиция қызметкерлерімен өткізілді. Oның барысында саяжай массивтері, тұрғын үйлердің жертөлелері тексерілді. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының өмір сүру жағдайларын анықтады. Полиция қызметкерлері балалардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Ал балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерінен қасақана жалтарғандарды полицейлер жауапкершілікке тартты. Бүгінгі күні Павлодар қаласы ПБ-да 56 қолайсыз отбасы және 27 кәмелетке толмаған профилактикалық есепте тұр. 20 отбасы түзелуіне байланысты профилактикалық есептен шығарылды.

– Павлодар облысында жыл басынан бері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 611 ата-ана, балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болғаны үшін 1815 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда профилактикалық есепте 68 кәмелетке толмаған және 165 қолайсыз отбасы тұр, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Қамзина.

160 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде ІІО-да есепте тұрған 61 бала және қолайсыз отбасылардан шыққан 26 бала “Динамо” дене шынықтыру-спорт бірлестігінің спорт секцияларында шұғылданады. Сондай-ақ жыл бойы оқушылар үшін мұражайға, Кинологиялық орталыққа және Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына танымдық экскурсиялар өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру