Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азық-түлік өнімдері алаяқтар туралы еске салады: креативті сақтық шаралары Павлодар тұрғындарын таңқалдырды

Павлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісімнің арқасында алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жазылған жазба азық-түлік өнімдерінде пайда болды.

– Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.

– Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет, – деді тұрғындардың бірі.

Ескертулері бар жадынамалар “полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған.

ІІМ қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады. Бөтен адамдарға жеке деректеріңізді, банк картасы туралы ақпаратты және мобильді қосымшалардың парольдерін бермеңіздер!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру