Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Самар ауданында мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлпйды Polisia.kz.

Шілде айының ортасында Самар ауданы ПБ-ға ауыл тұрғынының бірінен белгісіз адамдар оның сарайынан 2 қошқарды жасырын ұрлап әкеткені туралы арызы келіп түскен. Келтірілген шығын 120 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті жігітті анықтап, ұстады. Ұсталған адам бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болғаны және бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Одан әрі жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің 1 ірі қара малды ұрлауға қатысы бар екендігін анықтап, келтірілген шығын сомасы 520 мың теңгені құрағаны белгілі болды.

Жауап алу кезінде күдікті бұл әрекетін мойындады. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі, 188-1-бөлігі 3-тармағы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оның санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Полиция департаменті мал иелеріне қырағы болуды және малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мал басын сақтау бойынша шаралар қабылдау, малды таңбалау және  орталықтандырылған жайылымды пайдалануды ұсынады. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға “102”телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру