Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Василий Скляр: “Полиция білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударады”

Құқық қорғау органдары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Білім беру мекемелерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу полицияның тұрақты бақылауында.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр мектептердегі қауіпсіздік жүйесін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда өңірдегі білім ошақтарында 19 646 бейнебақылау камерасы бар, оның ішінде мектептерде – 9 278, мектепке дейінгі ұйымдарда – 7 356, колледждерде және басқа да мекемелерде – 3 012 камера. Барлық нысан бейнебақылау жүйесімен толық қамтылғанын және жедел басқару орталығына шығарылғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар 123 білім мекемесінде кіруді бақылау және басқару жүйесі (турникеттер) орнатылған.

Білім беру өкілдерінің мәліметінше, 227 мамандандырылған күзет агенттіктерімен келісімшарттар жасалған. Сондай-ақ 545 ескерту жүйесі мен 615 дабыл түймесі қойылған.

– Ішкі істер органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – оқушылар арасында болатын және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деді Василий Скляр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру