Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері мекеме аумағына дрон арқылы есірткі өткізуге тосқауыл болды

Атырау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері мекеме аумағына дрон арқылы есірткі өткізуге тосқауыл болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД №15 мекемесінің (орта қауіпсіздік ерлер колониясының) қызметкерлері, сондай-ақ ІІБ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚБ) қызметкерлері есірткі заттарын колония аумағына дрон арқылы өткізбек болған күдіктілерді ұстады.

Күдікті азаматтар Н.Р. және И.Р. Mersedes-Benz автокөлігінен арнайы иісі бар қою-жасыл түсті зат, трамадол (26 дана) және тропикамид (6 дана) психотроптық препараттары бар лентаға оралған 8 пакет, сондай-ақ пультпен басқарылатын бір ұшақ табылды.

Аталған азаматтар ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру