Атырау облысында 23 үйге ұрлыққа түскен екеу сотталды
Атырау облысында 23 үйге ұрлыққа түскен қылмыстық топ сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2018-2021 жыл аралығында екі адамнан құралған қылмыстық топ Құлсары қаласындағы тұрғын үйлерге ұрлыққа түсіп, бағалы бұйымдар мен тұрмыстық техникаларды қолды еткен.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 27 және 26 жастағы күдіктілер алдын ала сөз байласып, Құлсары қаласында орналасқан 23 тұрғын үйге терезе арқылы заңсыз кіріп, әртүрлі құнды заттарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады.
Екі күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабының талаптарына сәйкес, Жылыой ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
23 жәбірленушіге барлығы 3 328 000 теңгеге мүліктік залал келтірілген.
Сот шешімімен күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп
танылып, 26 жастағы күдікті үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталса, 27 жастағы ер адам екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.