Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікпен ер адам Дағыстанда ұсталды

22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікпен ер адам павлодарлық жедел уәкілдермен Дағыстанда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасының Каспий қаласында Павлодар облысының Екібастұз қаласында кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат қамауға алынды.

– 1999 жылғы 4 сәуірде сағат 19.00-де Екібастұз қаласындағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жастағы жігіт оқ атып, Екібастұз қаласының 36 жастағы тұрғынын өлтірген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам тергеу органдарынан жасырынғандықтан, іздеу жарияланды, – деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тергеу барысында 1999 жылы күдіктінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыстар жасағандығы анықталды: ұрлық, төрт қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының күшімен 98 қылмыскердің мекенжайы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру