Атырау облысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 121 фактісі тіркелді
Атырау облысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 121 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдайда атқарылатын қызметтің басты мақсаты – қоғам тіршілігінің қалыпты жағдайын орнату. Сондықтан полиция осы бағытта қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшылары мен өзге де жауапты мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға, терроризмге қарсы операциялар кезіндегі шектеулерге сабырлық танытып, сақтық шараларын ұстануға шақырады.
– Арандатушылыққа жол бермей, күдікті фактілерді байқасаңыз міндетті түрде полицияға хабар беруді сұраймын. Сондай-ақ, жалған ақпараттар таратпауға шақырамын. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін үш жылдан жеті жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деді Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.