Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты
Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулікте полиция қызметкерлерімен 13 қылмыс ашылды. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Тоғыз құқық бұзушыға айыппұл салынды. 335 тұлғаға ескерту жасалды.
Полиция қызметкерлерімен қызмет атқару барысында 21 тиым салынған зат тәркіленді. Оның 13 тегіс ұңғылы қару. Сондай-ақ, есірткі заттарын сақтаудың алты фактісі анықталды.
Төтенше жағдай режимі кезінде полиция бөлімдеріне бес шетелдік жеткізілді. Оның біреуі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынса, екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал екі азамат сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылды.