Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының әкімі полицейлермен және әскери қызметшілермен кездесті

Қарағанды облысының әкімі полицейлермен және әскери қызметшілермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ішкі істер органдарының қызметкерлерімен және әскери қызметшілермен кездесті. Ол оларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бүкіл еліміздің басына төнген қиын уақытта үйлесімді жұмыс атқарып жатқандары үшін ризашылығын білдірді.

– Полицейлер мен әскери қызметшілер үлгілі тәртіп, батылдық пен ұйымшылдықты көрсетті. Бүгінде сіздер өте жауапты міндет атқарып жатырсыздар – қоғамдық тәртіпті сақтаудасыздар.  Біз сіздерді мақтан тұтамыз және азаматтарымыз сіздерге сенеді!, – деді Жеңіс Қасымбек полицейлер мен әскери қызметшілерге.

Өз кезегінде Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин Полиция департаментінің жеке құрамы өңірде әрі қарай да тиісті тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті.

– Құрметті әріптестер! Осы кезде біз қиын жағдайда жұмыс істеп жатырмыз. Сіздер қызметтік борыштарыңызды орындау кезінде табандылық көрсеттіңіздер, – деді Ерлан Файзуллин.

Бүгінгі таңда елде төтенше жағдай режимі әлі де сақталып отыр. Полицейлер мен әскери қызметшілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікте болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру