Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бас жарақатын алған полицей қызметін жалғастыруда

Қызылордада бас жарақатын алған полицей қызметін жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтар Қызылорда қаласында халық сауда орталығының алдында жиналып, полиция қызметкерлері дереу сол жерге жетті. Түскі уақыт 15:00 шамасында тұрғындар бүлік шығарып, полицейлерге қарсы шығып, күш көрсете бастады.

– Бүлікшілер бірнеше рет басымды кірпішпен ұрып, соққыға жықты. Сол күні мені азаматтар медициналық орталыққа жеткізді. Бас жарақаты салдарынан 3-4 тігіс салынып, үйге қайтарылдым. Бірақ елімізде орын алып жатқан мына жағдайдың кезінде үйде отыра алмадым. Елімді, жерімді қорғау үшін бар күшімді салдым. Бүгінгі күні де өз қызметімді атқарып, елімізге тек амандық тілеймін, – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының айдауылдау бөлімшесінің командирі Игілік Мешітбаев.

Игілік Мешітбаев 2001 жылдан бастап құқық қорғау саласында қызмет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру