Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жасөспірімнің өмірін құтқарып қалған полицейлерге төсбелгі табысталды

Атырау облысында жасөспірімнің өмірін құтқарып қалған полицейлерге төсбелгі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмысты ашу, яғни қауіпсіздікті сақтауда — полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Тәртіпті қатаң қадағалайтын полиция қызметкерлерінің тірлігі үнемі қауырт, қашанда қарбаласқа толы. Осы ретте, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев қызметтік міндеттерін адал атқарған және адамдарды судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Жанарыс Ғапу мен қызмет инспекторы Мерей Құрманғазыны ҚР Ішкі істер министрі  Ержан Саденов бұйрығымен “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен, әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы Арманбек Ғабитовты “Қазақстан полициясына 30 жыл” төс белгісімен марапаттады.

Айта кетсек, 2 қаңтар күні 00:30 шамасында Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылып суға түсіп кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның даусын естіп, құтқаруға бірден кіріскен. Полиция қызметкерлері арқан жіп арқылы мұз үстінен жасөспірім қыз баланы бірге тартып шығарады. Аяқ асты адам өміріне араша түскен полицейлердің қырағылығы мен ептілігі нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып, жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру