Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында күдікті алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған

Абай облысында күдікті алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз қаласының 24 жастағы тұрғыны банк қызметкері бола тұра, банк және тұрмыстық техника дүкендерінің клиенттеріне тауарлық және ақшалай несие берген. Бойжеткен несие алуға онлайн өтінім беріп, қажетті соманы алып, ақшаны банктегі өзінің шотына аударып отырған, бірақ клиентке несие беруден бас тартқанын хабарлайды. Қала тұрғыны 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауарлық несие алған, осылайша бойжеткен Аягөз қаласының 29 жастағы тұрғынын алдап, оларға жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам моралдық шығын келтірген.

Сот оны кінәлі деп тауып, Қазақстан Республикасының 190-бабымен 3 жыл 6 ай мерзміге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды.

Сотталған қазірге уақытта Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұр.

– Сотталғанмен үнемі психологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілуде, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орны бар. Алған жалақысынан үкімде көрсетілген қарыздарын қайтару үсінде, – дейді Аягөз аудандық пробация қызметкерінің бастығы Калиев Ермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру