Атырауда рұқсат етілмеген жерге шомылған жігіт суға кетіп қалды
Туысқандарымен табиғат аясына шыққан жігіт рұқсат етілмеген жерге шомылып, суға кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусым сағат 18:44-те Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзенінде Атырау облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» күштерімен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді.
19:55-те суға кеткен адамның денесі ТЖД қызметкерлерінің күшімен шығарылды.
Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД ескертеді: арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, су беті көптеген қауіптерді жасырады!