Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері республикалық маңызы бар тасжолдарда заңсыз газ баллонын орнатқан жүргізушілерді тексерді

Атырау облысының полицейлері республикалық маңызы бар тасжолдарда заңсыз газ баллонын орнатқан жүргізушілерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасы мен облыстағы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері және мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Рейд барысында қызметкерлер басты назарда көлік жүргізушілері тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтарға жол бермей, заңсыз газ тасымалдаушы жүк көліктерімен қатар газ баллонын рұқсатсыз орнатқан көлік жүргізушілерін анықталды. Сондай-ақ тасжолдарда алыс сапарларға шығатын, жолаушылар тасымалымен айналысатын және жүк таситын автокөліктерге қауіпсіздік талаптарына мұқият болуда жауапкершілікпен қарау қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру