Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері мұқтаж отбасыға көмектесті

Атырау облысының полицейлері Отбасы күні қарсаңында қайырымдылық шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында Атырау облысы Индер ауданының полиция қызметкерлері көп балалы жанұяның үйіне барып, балаларына сыйлықтар табыстады. Сұлтанғалиевтар отбасы​ жеті баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы сегізінші сыныпқа барса, кіші қызы жеті айлық сәби. Бүгін оларды Индерлік полиция қызметкерлері Отбасы күнімен арнайы құттықтап, түрлі тәтті-дәмділер тарту етті.
Көп балалы ана полиция қызметкерлерін отбасы күнімен құттықтай отырып, алғысын бейнежазба арқылы жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру