Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлерімен теледидар ұрлаған ұры ұсталды

Атырау полицейлері пәтерден мүлік ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​ Полицияға қала тұрғыны үйінен ұялы телефоны мен теледидары ұрланғаны туралы арызданды.

Арыз иесінің айтуынша, үйіне өзі жіті танымайтын азаматша қонаққа келіп, түн ішінде заттарын ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері іздестіру шаралары барысында, күдікті азаматшаны, оның жеке басын анықтады.

Полицейлер Атырау қаласының 1979 жылы туған тұрғынын ұстап, одан айғақ заттар алынды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша ткпгеп-тексеру жүргізілуде.

Атырау полицейлері облыс тұрғындарына үй, пәтерлерін ұрылардан сақ болу үшін қажетті құрылғыларды пайдалануға ікеңес береді. Атап айтқанда, бейнебақылау камераларын, дабылқаққыштарды орнату, жарықтандырып, терезелерге темір торлар жасату керектігін ескертеді.

Ал, егер осындай қылмыстың куәгері болсаңыз ,тез арада “102” телефонына хабар беріңіздер.
Қауіпсіздік шаралары сіздің үйіңізге көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру