Атырауда 300-ге жуық жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды
Атырауда 300-ге жуық жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрақты балалар мен жастар көп жиналатын орындарды тексеру, сондай-ақ, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Рейдтік іс-шаралар барысында ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен жыл басынан бері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 299 кәмелетке толмағандарды анықтады.
Барлық заңды өкілдерге қатысты ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Мысалы, 2021 жылдың 6 наурыз күні сағат 00:45 шамасында Б.Нысанбаев көшесі маңынан ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 16 жастағы жасөспірімді анықтап, оның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
Одан басқа, 2021 жылдың 1 наурыз күні сағат 23:30 шамасында Ж.Нәжмеденов көшесі маңынан ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген 2003 жылы туған кәмелетке толмаған баланы тоқтатты. Бұл кәмелетке толмаған баланы полицияға бұрын да алып келген және оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама жасалғаны анықталды. Бірақ, жасөспірім де, ата-анасы да тиісті қорытынды шығармаған.
Аталған жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, соттың шешімімен бес айлық есептік көрсеткішпен 14 293 теңге айыппұл салынды.
– Мұндай кеш уақытта көшеде жүрген кәмелетке толмаған құқық бұзушы да қылмыс объектісіне айналуы мүмкін, – дейді Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы Руслан Садиров.