Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда әйелді тонау сәті бейнекамераға түсіп қалды

Атырауда әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 26 жастағы ер адам 45 жастағы әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын сындырған. Әйел адамның сөмкесінде 60 мың теңге қаражаты болған.
Полиция тергеу барысында 45 жастағы әйел адам мен күдікті бір-бірін танымаса да, Вокзал маңы ықшам ауданынан Нұрсая ықшам ауданына бірігіп, такси жалдап келгендігін анықтады. Сөмкеде ақша барын байқаған күдікті әйел адаммен қатарласып түсіп, арам ойын іске асырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда полиция қызметкерлері қылмыскерді “ізін суытпай” анықтап, ұстады.
Сондай-ақ 26 жастағы күдіктінің әйел адамды жерге жығып, күштеп сөмкесін тартып алған сәті сол жердегі мейрамханалардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

 

Қазіргі таңда атыраулық полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2 бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру