Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда алаяқтар қайтқан баланы жерлеу үшін қаржы жинамақ болды

Атыраулық полицейлер алтыншы қабаттан құлап, қайтыс болған 5 жасар баланы жерлеу үшін қаржы жинамақ болған алаяқтарға сенбеуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні Атырау қаласы Полиция басқармасына 43 жастағы азаматша келіп, әлеуметтік желілерге белгісіз адамның терезеден құлап қайтыс болған қызының жерлеу рәсіміне қаражат жинаймыз деп жалған ақпарат таратып жатқандығы жөнінде арызданған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Сол себепті атыраулық полицейлер алтыншы қабаттан құлап, көз жұмған баланы жерлеу үшін қаржы жинамақ болған алаяқтарға сенбеуге шақырады.

Айта кетейік, 20 қазан күні Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің алтыншы қабатынан үйінде жалғыз өзі қалған 5 жасар жасөспірім терезеден құлап кетіп, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру