Атырауда автоцистерна жарылды
5 маусым күні таңертеңгісін Атырау қаласының Атамбаев көшесіндегі "ПромГаз" ЖШС аумағында автоцистерна жанып, артынша жарылысқа ұласты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Форд" маркалы автоцистерна жарылған сәтте 60-70 метр қашықта тұрған ғимарат та қирап қалды.
Өрт шыққан орынға Атырау облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен төрт техникасы шықты. Жергілікті уақытпен сағат 09.58 шамасында тілсіз жау толықтай жойылды.
Төрт адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Олар - жанар май құюшы, газовоз жүргізушісі және Атырау облысы ТЖД екі қызметкері. Бірі - 4-ӨСБ бөлімше командирі де, екіншісі өрт сөндіруші.