Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тұрғындар жауапқа тартылды

Сайрамдық полицейлер жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері күнделікті қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын, қауіпсіздікті сақтаумен қатар, табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтап, жауапқа тартты.

Мәселен, Сайрам ауданының ЖПҚБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік кезінде 2020 жылдың бес ай көлемінде жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша бес дерек анықтады. Заң бұзушылық жасаған үш камаз жүк көлігі мен екі қазу техникасы айыптұраққа қойылды. Аталған жайттар ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне алынып, өндірісте тергеліп жатыр.​​​​​​​​​

Аталған заңды тарқатып айтар болсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабына сәйкес жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, келтірілген залал көлеміне қарай – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ​​​​Немесе ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің139-бабы бойынша жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу әрекеті шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз әрекеттер жасамауға кеңес береді.​​​​​​ ​​​​​​ Су қорғау аймақтарында қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тастауға және жер қойнауын заңсыз пайдалануға тыйым салынады! Осындай құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда «102», нөміріне хабарлаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру