Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда автоцистерна жарылды

5 маусым күні таңертеңгісін Атырау қаласының Атамбаев көшесіндегі «ПромГаз» ЖШС аумағында автоцистерна жанып, артынша жарылысқа ұласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Форд» маркалы автоцистерна жарылған сәтте 60-70 метр қашықта тұрған ғимарат та қирап қалды.

Өрт шыққан орынға Атырау облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен төрт техникасы шықты. Жергілікті уақытпен сағат 09.58 шамасында тілсіз жау толықтай жойылды.

Төрт адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Олар – жанар май құюшы, газовоз жүргізушісі және Атырау облысы ТЖД екі қызметкері. Бірі – 4-ӨСБ бөлімше командирі де, екіншісі өрт сөндіруші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру