Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда «Есепте тұрушы” іс-шарасы аясында есепте тұрған 351 тұлға тексерілді

Атырауда «Есепте тұрушы” іс-шарасы аясында есепте тұрған 351 тұлға тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жазаны өтеу орындарынан босатылған, сот әкімшілік қадағалау белгілеген тұлғаларды бақылау мақсатында мамыр айының 15-25 күндері аралығында “Есептегі адам” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара кезінде рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері мамыр айының 15-18 күндері аралығында есепте тұрған 351 тұлғаны мекенжайы бойынша тексерді.

Одан бөлек ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабына сәйкес құқық бұзушылыққа жол берген 8 адамға қатысты хаттама жасақталса, алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған екі адам сот белгілеген тәртіпті бұзғаны үшін жазасын қатаң жазаға алмастыру бойынша сотқа екі іс жолданды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру