Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 450-ден астам азамат ПД мұражайына барды

Солтүстік Қазақстан облыстық полициясының мұражайы — ҚР ІІМ жүйесіндегі үздіктердің бірі. Бұған “Мұражайдағы түн” дәстүрлі акциясына келген 450-ден астам петропавлдық пен қала қонақтары көз жеткізе алды, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында өткізілді.

Келушілер арасында мектептер мен колледждердің оқушылары, жас қозғалыс инспекторлары бар. Өскелең ұрпақ – полиция мұражайының басты аудиториясы. Мұнда М. Айтқожин атындағы №1 орта мектептің оқушылары жиі келеді. СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Әбілғазы Ғабдуллин оқу орнының ұжымына СҚО ПД басшылығының алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ белсенді ынтымақтастығы үшін № 26 мектеп-балабақша, №5 орта мектеп, қалалық классикалық гимназия, гуманитарлық-техникалық колледж марапатталды.


СҚО ПД мәдени орталығы ашық аспан астында концерт ұйымдастырды. Екі тілде патриоттық әндер шырқалды. Содан кейін мұражай қызметкерлері Любовь Осинская мен Нина Бенграф қонақтарды экскурсияға шақырды.

Мұражайдың төрт залында 5 мыңнан астам бірегей экспонат бар. Қорлар үнемі жаңартылып отырады. Биыл мұнда ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкерлеріне арналған кешендер пайда болды. Жаңа экспозиция сот-медициналық зерттеулердің түрлері туралы сыр шертеді. Криминалистің чемоданы өзіне назар аударады – онда қылмыстарды ашуға көмектесетін барлық құралдарды көруге болады.

– Полиция мұражайы – патриоттық іс-шаралар, жас қызметкерлерге арналған батылдық сабақтары, экскурсиялар өткізілетін тұрақты орын. Өткен жылы бізге 2 мыңға жуық адам қонақ болды, биыл 700-ден астам адам мұражайда болып қайтты. Біз өз міндетімізді жастардың патриоттық тәрбиесіне үлес қосу, адамдарға туған өлкенің тарихына қылмыспен күресудің қиын ісінде батылдық, ар-намыс және борышқа адалдық тарихы ретінде жаңа көзқарас беру деп санаймыз, – дейді СҚО ПД мұражай меңгерушісі Любовь Осинская.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру