Атырауда интернет алаяқтықпен айналысқан жасөспірім ұсталды
Атырау облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша алған жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 маусым күні Атырау облысы Исатай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оны инстаграм желісіндегі “АЙБЕК КӨМЕК” парақшасы арқылы «Kiwi» әмиянына 40 мың теңге аудартып алған.
Онымен қоймай, жәбірленушінің «HalykBank» картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385 мың теңге ақшасын иемденіп алған.
Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні анықтады. Жақында Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.
Тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.