Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда интернет алаяқтықпен айналысқан жасөспірім ұсталды

Атырау облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ​ақша алған жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусым күні Атырау облысы Исатай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оны инстаграм желісіндегі “АЙБЕК КӨМЕК” парақшасы арқылы “Kiwi”​ әмиянына 40 мың теңге аудартып алған.

Онымен қоймай, жәбірленушінің “HalykBank” картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385 мың теңге ақшасын иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні анықтады. Жақында Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.

Тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру