Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда колонияға жеткізілген балықтан психотроптық препараттар табылды

Атырауда колонияға жеткізілген балықтан психотроптық препараттар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекеменің (ерлер колониясы) жедел бөлім қызметкерлері «Еңбек Батыс» РМК Газель автокөлігін тексеру барысында тыйым салынған заттарды анықтады. Көлік ерлер колониясына азық-түлік тасымалдаған.

Рентгендік тексеру кезінде балықтан (майшабақ) аса мұқият жасырылған медициналық шприцке оралған 20 дана өзіне тән иісі бар белгісіз жасыл түсті зат, алты дана спецификалық ерекше иісі бар белгісіз қара зат, үш бөтелке тропикамед, 18 дәрі тәріздес ақ таблетка анықталған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру