Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі 15 сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылорда облысында пробация есебіндегі 15 сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация есебіндегі тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық, медициналық көмектер үздіксіз көрсетіледі. Жуырда “Сырдария-Нұрдария” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі пробация қызметінің есебіндегі 15 азаматқа азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіру, көмек көрсету – біздің жұмысымыз. Есептегі азаматтар арасынан әлеуметтік көмекті қажет ететін сотталғандардың тізімін жасаймыз. Жеке кәсіпкерлер тарапынан да қайырымдылық көмектер беріледі. Қазіргі таңда аудандық пробация есебінде 50-ден астам азамат есепте тұр. Осы азаматтардың қайта қылмыс жасамауының алдын алып, олармен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргіземіз, – деді аудандаық пробация қызметінің инспекторы Нұрхан Дүйсенбаев.

Көмек алған азаматтар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қызметтеріне абырой  тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру