Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық азамат есірткіге еліткен күйде көлік жүргізген

Павлодар қаласының полицейлері мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілердің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік апаттарында адамдар қайтыс болып жатыр. Жол апаты кезінде алған жарақаттарының соңы олардың өліміне алып келеді. Осындай қайғылы оқиғалардың көп болуының негізгі себептері – жол жүру ережелерін сақтамау, сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізу.

– Павлодар қаласының полицейлері Нұркин көшесінде түнгі сағат 04:35-те Mercedes автокөлігін  тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші есірткі қолданған деп күдіктенді. Олардың күдіктерін медициналық куәландыру нәтижелерін растады. Сондай-ақ мәліметтер базасын тексеру кезінде ер адам жүргізуші куәлігінен 2020 жылдың қыркүйегінде жеті жылға айырылғандығы анықталды. Ұсталған адамға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деп мәлімет берді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицейлер 237 осыған ұқсас фактінің жолын кесті.

Полиция департаментінің айтуынша, әркім өзінің жақындарын, туыстарын, таныстарын ескертіп, осы заң бұзушылықты тоқтатуы керек, көлік құралын мас күйінде басқаруға жол берілмеуі қажет.

– Мас жүргізуші туралы полицияға хабарлаған жөн. Көлік жүргізу кезінде ішімдікке қарсы күреске қосылыңыз, бей-жай қарамаңыз. Мас күйінде көлік жүргізетін адамдар туралы ақпаратты полицияға “102” телефоны арқылы хабарлауға болады. Есіңізде болсын, байқампаздық адам өмірін сақтап қалады. Өйткені мас жүргізушінің дөңгелектерінің астында сіздің балаларыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз және жақын адамдарыңыз болуы мүмкін. Жол полициясының инспекторлары мұндай ақпаратты алған кезде жедел әрекет етеді және мас жүргізушілерді ұстайды. Жол апаттарының алдын алады, – деп атап өтті полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру