Атырауда «Ксенон» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Атыраулық полицейлер «Ксенон» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, сондай-ақ қала тұрғындарының шағымдары бойынша Атырау қаласында 10-12 қараша аралығында «Ксенон» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шараның екі күнінде патрульдік полиция инспекторлары көліктеріне led немесе ксенон шамдарын орнатқан 40 автокөлікті анықтады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабымен көзделген құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, олардың әрқайсына 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Тұтастай алғанда облыс аумағында жыл басынан бері 300-ге жуық көлік жүргізушісіне қатысты осындай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылған.