Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қараша – ішкі істер органдарының қызметкері, Жамбыл облыстық ПД жол патрульдік полициясы жеке батальоны бірінші взводының командирі болған, полиция капитаны Халық қаһарманы  Ғазиз Байтасов қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан күн.

Осыған орай  2020 жылғы 12 қарашада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД жеке құрамы ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары  М. Нәкенов  жеке құраммен Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың өмір жолы, атқарған қызметі, ерлігі туралы деректермен бөлісіп, қызметкерлерді антына адал болуға, қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға шақырды.

Сонымен қатар қызметкерлерге Ғазиз Байтасовтың қандықол қылмыскерді ұстау кезіндегі жанқиярлық ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру