Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Ксенон” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Атыраулық полицейлер “Ксенон” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, сондай-ақ қала тұрғындарының шағымдары бойынша Атырау қаласында 10-12 қараша аралығында “Ксенон” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның екі күнінде патрульдік полиция инспекторлары көліктеріне led немесе ксенон шамдарын орнатқан  40  автокөлікті анықтады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабымен көзделген құқық бұзушылыққа  жол берген жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, олардың әрқайсына 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тұтастай алғанда облыс аумағында жыл басынан бері  300-ге жуық көлік жүргізушісіне қатысты осындай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру